Фото: Instagram/stanislav.cherchesov.official

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Спорт Шредингера» басылымының Telegram-дағы арнасы жазғандай, жақын күндері ресейлік маман Астанаға ұшып келіп, жылына 1,2 млн евро жалақы ұсынатын келісімшартты талқыламақ. 

Айта кетейік, Черчесов 2021 жылдың шілдесінде Ресей футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Ал желтоқсан айында ол «Ференцвароштың» (Венгрия) тәлімгері болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!