Француз шабуылшысы, қазіргі таңда «Реал Мадрид» клубының ойыншысы Килиан Мбаппе полиция қызметкерлеріне пара берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы RMC Sport мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпарат көзінің дерегінше, 2023 жылдың маусымында Франция құрамасын күзеткен бірнеше полиция қызметкері Мбаппенің банктік шотынан ірі көлемде чек алған. Атап айтқанда, төрт қызметкер 30 мың еуродан, ал олардың жетекшісі 60,3 мың еуро көлемінде қаржы алған.
Футболшы бұл соманы 2022 жылғы Катарда өткен әлем чемпионаты кезіндегі қызметтері үшін «бонус ретінде» беруді өзі ұйғарғанын айтқан.
Айта кетейік, Килиан Мбаппе «Реал Мадридпен» келісімшартқа ресми түрде 2024 жылдың 3 маусымында қол қойып, еркін агент ретінде клуб сапына қосылды. Бұған дейін ол 2017 жылдан бастап «ПСЖ» құрамында өнер көрсеткен болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!