Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) тиесілі IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Бұл жайында Sports.kz хабарлады.
Фалькао сейсенбі күні YouTube арнасындағы baldoboxing арнасына берген сұхбатында Top Rank Халықаралық бокс федерациясымен (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы жекпе-жегін өткізу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, Геннадий Головкин суперорта салмақта Сауль «Канело» Альвареспен қайта жұдырықтасу үшін титулынан бас тартып, белбеуін бос қалдырмақ. Ондайда Фалькао орта салмақтағы IBF титулына үміткер атанады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!