фото: olympic.kz
Қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманың 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін рингке қайта шығу мүмкіндігін жоққа шығармады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президентімен бірге тарихи додаға қатысқан Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың табысы өзіне ерекше әсер еткенін айтты. «Жігіттердің жеңістерінен кейін рингтегі ескі сезімдерім қайта оянды», – деді ол.
«Иә, неге шықпасқа? Мұнда өзімнің ескі эмоцияларымды сезіндім», – деді Головкин рингке қайта оралу мүмкіндігі жайлы сұраққа. Бірақ ол қарсыласы мен мерзімі туралы ештеңе ашқан жоқ. «Бұл — менің құпиям», – деп қысқа қайырды спортшы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!