IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та өтетін поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг сервисі аталған оқиғаны ресми түрде жариялады. Айқас Американың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді.

— Бұл жай ғана жекпе-жек емес. Бұл айқастың үлкен мәні бар. Мен әрқашан барлық қарсыласыма үлкен құрметпен қараймын. Өзім шынымен боксты сағындым, осы жылы жекпе-жек өткізгім келді. Менің мақсатым – 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау, – деді Геннадий.

ҚазАқпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!