Фото: Тұрар Қазанғапов
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимамен белдеседі, – деп хабарлайды KAZINFORM.
24 жастағы бразилиялық дзюдошы Олимпиада ойындарына бірінші рет қатысып отыр. Ол алғашқы белдесуінде өзбекстандық Нуриллаев Сардорды қапы қалдырса, екінші кезеңде түрікменстандық Сердар Рахимовтан, ал ширек финалда Басхүү Йондонперенлеядан басым түсті.
Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықты.
Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген.
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері. Кеше, 27 шілдеде Париж татамиіне қазақстандық екі дзюдошы шыққан еді. Әбиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта Швеция өкілі Тара Бабулфаттан жеңіліп, алғашқы олимпиадасын 5-орынмен аяқтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!