Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік жарысында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими алтын медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Милад Каримидің еркін жаттығудың финалында шебер өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан 14.133 ұпай алды. 

Болгария өкілі Эдди Пенев (13.966 ұпай) күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13.866) түйіндеді.

Милад бұдан бұрын Хорватияның Осиек қаласында кермедегі жаттығудан алтын алған еді. 

Милад Карими 28 сәуірде қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!