«Канеломен» жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады.
Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші орта салмақта жұдырықтасатын болса орта дивизиондағы IBF титулынан айырылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Менеджер әрі комментатор Бен Дэймон өзінің Twitter желісінде оқиға қалай өрбитінін суреттеп берді.
«Канеломен» жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады. Ал бос қалған титул үшін 1 (Фалькао) мен 2 (Зерафа) айқасады», – деп жазыпты Дэймон.
IBF ұйымының ережелері қатаң: Головкин салмақ ауыстырса, жаңа дивизионда топ-5 тізімге кіреді, алайда, белбеуді алып қояды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!