Қыркүйекке Сауль Альварес пен Дмитрий Биволдың жартылай ауыр салмақтағы WBA Super әлем чемпионы титулы үшін реванш айқасы жоспарланған.
Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес Дмитрий Биволдан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лас-Вегаста (АҚШ) жеңіліп көрмеген WBA чемпионы, Дмитрий Бивол (19-0, 11 KO) мен екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің (57-1-2, 39 KO) айқасы өтті. Жекпе-жек Биволдың жеңісімен аяқталды.
Бұл чемпионның мансабындағы 20-сыншы жеңісі, ол әзірге жеңіліп көрген жоқ. Мексикалық кәсіби мансабында екінші рет жеңілді. Айқас 12 раундқа созылды. Бивол ұпай санымен жеңді, төрешілер бірауыздан оған дауыс берді. Айқастан кейін мексикалық бірден реванш сұрап, Бивол оған келіскен.
Альварес осы жолы жеңсе, күзде Геннадий Головкинмен кездесуі тиіс еді. Енді қыркүйекке Сауль Альварес пен Дмитрий Биволдың жартылай ауыр салмақтағы WBA Super әлем чемпионы титулы үшін реванш айқасы жоспарланған. Бұл дегеніміз қыркүйекке жоспарланған «Канелоның» Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогиясы кейінге қалғанын білдіреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!