Орта салмақта Геннадий Головкинге тиесілі IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао канадалық Патрис Вольниді жеңген соң чемпиондық атаққа үміткер атанды. Жекпе-жек Top Rank бокс кешінің аясында Лас-Вегаста өткен. Алтыншы раунда боксшылар соқтығысып, Фаькао ауыр жарақат алған. Нәтижесінше төрешілер жеңісті бразилиялық спортшыға берді. 

Айта кетейік дәл осы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы да кездесу өткізіп, бұрынғы чемпион Хассан Н’Дам Н’Жикамды жеңген еді. 

Кештің басты жекпе-жегі Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер (31-3-1, 17) арасындағы кездесу болды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!