ІВF және ІВО нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық «суперчемпион» Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек алдын ала мәлімденген уақыттан ерте өтуі мүмкін. Бұл туралы ESPN инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді.
«Дереккөздерге сүйенсек, Мурата мен Головкиннің кездесуі ақпан айында өтеді. Егер GGG жеңеді деп топшыласақ, бұрынғы рейтингін қайтару үшін келері жыл тағы екі жекпе-жек өткізуі керек», – деп жазды Коппинджер.
Айта кетейік, Головкиннің «суперчемпионға» қарсы кездесуі Токиода 29 желтоқсанда өтуі керек болған. Алайда карантин шараларына байланысты Жапония билігі ел аумағына кіруге тыйым салды. Кей дереккөздер бұл жекпе-жектің наурыз не сәуір айында өтуі ықтимал екенін айтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!