Фото: ҚР ҰОК


Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады, деп жазады KAZINFORM.

Жекелей жаттығулар бағдарламасында еліміздің атынан Ақмарал Ерекешева өнер көрсетеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, сонымен қатар Қазақстан топтық жаттығуларда да бақ сынайды. Құрамға Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская енгізілді.

Франциядағы Гран-при кезеңі 4-5 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан 2 сәуірде Ертуған Зейнуллинов (65 келі) шаршы алаңға шығады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!