10 жастағы қазақстандық файтер Әмір Байғазин өзінің кумирі – аралас жекпе-жектегі даңқты спортшы Хабиб Нурмагомедовпен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Әмір – біздің тәрбиеленушіміз, бокспен, ММА-мен айналысады, «Жас жауынгер» спорттық дене шынықтыру-сауықтыру клубында жаттығады. Ол дағыстандық Хасбулла Магомедовті жекпе-жекке шақырды, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Оған қазақстандық жұлдыздар Арман Оспанов, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Жанқош Тұраров және басқалары жол болсын айтты. Кеше біз Алматыға бардық, онда Хабиб ММА турнирін өткізді. Әмір онымен танысып, әңгімелесті, шеберлік сағаты өтті, Хабиб Әмірге жаттығу кезінде қолын ұстап тұрды, алдағы жарыстарда сәттілік пен сауығып кетуін тіледі», – деді «Жас жауынгер» жетекшісі Садық Байымбетов.Хабиб Нурмагомедов Әмірдің жауынгерлік қасиеттеріне баға берді.
«Хабиб біздің Әмірдің соққысы қатты екен деді және Хасбулла қиналып қалатынын айтты. Хабиб Нұр-Сұлтанға келгенде, біздің балаларымызға «Жас жауынгер» клубына баруға уәде етті, онда қазір ерекше қажеттіліктері бар 60-қа жуық бала жаттығады», – деді Байымбетов.Еске салайық, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы «Жас жауынгер» клубын қамқорлығына алды, олар балаларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Клубтың сабақтары «Жекпе-Жек» спорт кешенінде тегін өтеді.Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті – Кәрім Мәсімов.
Тенгриньюс.кз
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!