8-21 ақпан аралығында Германия­ның  Хейделберг қаласында пара­дзю­­до­дан Халықаралық турнир өт­ті. Жа­рысқа 8 елден 100-ден аса спорт­шы қатысты.

Турнирде Сыр елінің спортшысы, халық­аралық дәрежедегі спорт шебері Олжас Оразалыұлы 73 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, алтын медальға ие болды. Жаттық­тырушылары – Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбай.

«Парадзюдо күресі, жалпы дзюдо спорты бүкіл әлемде қарқынды түрде дамып келе жатқан спорт түрі. 200-ден астам елде федерациясы бар. Сондықтан дзюдода бәсекелестік өте жоғары. Әр елдің мықты балуандары келді. Спортшыларымыз да тыңғылықты дайын­дықпен  барды. Балуандар осы сында өзде­рінің бар қарым-қабілетін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге тырысып бақты. Бұл – үлкен жетістік», – дейді жаттықтырушылар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!