фото: видеодан скриншот

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Темірлан Анарбеков ерекше құрметке ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оған Zigi Zagi компаниясы заманауи автокөліктің кілтін табыс етті.

Компания басшысы бұл сыйлықты «қазақ халқының атынан көрсетілген алғыс белгісі» деп атап, футболшының анасына гүл шоғын тарту етті.

– Барлық жанкүйерлерге қолдауларыңыз үшін шын жүректен рақмет. Бұл жетістік – менің ғана емес, бүкіл команданың еңбегінің жемісі. Сіздер бізге сенім артқан сайын, біз де бар күшімізді саламыз, – дейді Темірлан Анарбеков.

Айта кетейік, соңғы айларда жас қақпашы бірнеше маңызды кездесуде қақпасын сенімді қорғап, жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Қайрат» өз алаңында Шотландияның атақты «Селтигін» жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!