Фото: icehockey.kz

KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Ресейдің Новосібір қаласында өтіп жатқан Бірінші арна кубогындағы екінші ойынын өткізеді. 

Ресей құрамасымен кездесу Қазақстан уақытымен 15:55-те басталып, «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, бұл турнирге Ресей, Беларусь және Қазақстан құрамалары қатысып жатыр. 

Отандастарымыз 12 желтоқсанда өткен алғашқы матчта Беларуське 1:4 есебімен есе жіберсе, 13 желтоқсанда беларусьтік хоккейшілер Ресейге 1:3 есебімен жеңіліп қалды. 

Қазақстан құрамасының жарысқа қатысатын құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Роман Калмыков («Номад»), Владислав Пестов («Торпедо»);

Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Бейбарыс Оразов (барлығы – «Барыс»), Мәди Диханбек, Кирилл Никитин (екеуі – «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі -«Сарыарқа»), Федор Хорошев («Торпедо»).

Шабуылшылар: Олег Бойко, Саян Данияр (екеуі – «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников екеуі – «Сарыарқа»), Андрей Буяльский («Полония Бытом», Польша), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Батырлан Муратов, Руслан Оспанов (барлығы – «Барыс»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!