Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы екінші ойынын Нидерландқа қарсы өткізеді, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.

Екі команда қазірге дейін төрт мәрте кездесті. Оның 3-уі Нидерландтың басымдығымен аяқталса, 1-де Қазақстан жеңіске жетті.

Алғашқы турда Нидерланд құрамасы Испанияны 6:0 есебімен тізе бүктірсе, Қазақстан буллитен Латвияға 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі — «Томирис»)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы — «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);

Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы — «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!