KAZINFORM — Халықаралық хоккей федерациясы жастар арасындағы әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы ойын кестесін жариялады.
Бұл турнир 7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өткізіледі. Элиталық дивизионға жол ашатын жалғыз жолдаманы Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Норвегия, Аустрия және Словениямен сарапқа салады.
Ойын кестесі:
7 желтоқсан. 23:30 — Украина — Қазақстан;
8 желтоқсан. 23:30 — Қазақстан — Словения;
10 желтоқсан. 23:30 — Қазақстан — Франция;
11 желтоқсан. 20:00 — Норвегия — Қазақстан;
13 желтоқсан. 20:00 — Қазақстан — Аустрия.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA), Дәулет Қуат, Дмитрий Ряшин (екеуі де — «Снежные Барсы»);
Қорғаушылар: Дамир Бритиков, Нурислам Зияш, Санжар Ибрагим, Мстислав Шипилин (бәрі — «Снежные Барсы»), Мәжит Имашев («Elite Hockey Academy»), Александр Макаров, Руслан Түсіпбеков, Игнат Шевченко (бәрі — «Номад»), Дмитрий Рязанов («Горняк»);
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL), Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі де — «Сарыарқа»), Роман Двуреченский, Кәрім Қажыбеков, Александр Перкин, Александр Симахин (бәрі — «Снежные Барсы»), Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL), Тимур Миндубаев («Номад»), Әлішер Саркенов («Prince Albert Raiders», WHL), Асанәлі Саркенов («Spokane Chiefs», WHL), Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ), Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
