фото: aikyn.kz

Қазақстан құрамасы Германиямен өткен жолдастық матчта жеңіліс тапқан еді. Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U20) әлем чемпионатының алдында өткен соңғы дайындық матчында ірі есеппен жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан спортшылары Канадада жергілікті «Хоксбери Хокс» жастар құрамасымен кездесті. Отандастарымыз 8:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Кирилл Ляпунов (16, 30 минуттар) пен Әділ Бейсембаев (19, 24 минуттар) дубль жасады. Сонымен қатар Никита Ситников (35), Семен Симонов (46), Артур Гросс (48) және Асанәлі Русланұлы (52) бір-бір шайбадан соқты. Ең нәтижелі ойыншы Ляпунов болды. Ол екі шайба соғып қана қоймай, үш нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Германиямен өткен жолдастық матчта жеңіліс тапқан еді. Әлем чемпионатында ұлттық құрама алғашқы матчты 27 желтоқсанда Швецияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ В тобына Чехия, Словакия және Швейцария құрамалары кірген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!