3 ақпанда Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында өз жарысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, ең бірінші болып мұз айдынға хоккейші қыздар шықты. Ашылу күнінде олар Гонконг құрамасымен кездесіп, таңғаларлық жеңіске жетті. 

Отандастарымыз Гонконг құрамасын 12:0 есебімен ойсырата ұтты.

Гонконг – Қазақстан 0:12 (0:4, 0:5, 0:3)

0:1 – 8:31 – М. Саяхатқызы (Д. Саяхатқызы, Воронова)

0:2 – 11:21 – Д. Саяхатқызы (Воронова, Зубкова)

0:3 – 13:27 – Свиридова (Пяткова, Алдабергенова)

0:4 – 18:39 – Д. Саяхатқызы (Әшімова, Свиридова)

0:5 – 20:35 – Тұрсынова (Шегай)

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!