Италияда «Адриатика-Ионика» веложарыстың көпкүндігі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Екінші кезеңде мәре сызығынан эритреялық Натнаэль Тесфацион бірінші болып өтті. Одан кейін италиялық Филиппо Зана. Ал үздік үштікті қазақстандық велошабандоз Вадим Пронский түйіндеді. Жалпы есепте «Астана» сапындағы спортшы көш басындағы велошабандоздан небәрі 0,27 секундқа қалып келеді.

РАФАЭЛЬ НАДАЛЬ «РОЛАН ГАРРОС» ТУРНИРІНІҢ 14 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ

Испаниялық тенисші Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос-тың» 14 дүркін чемпионы атанды. Осылайша 22-ші үлкен дулығаға ие болып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Ол финалдық ойынды норвегиялық Каспер Рудқа қарсы өткізді. Нәтижесінде 6:3 , 6:3 және алтыда нөл есебімен қарсыласын сан соқтырып кетті. Матч 2 сағат 18 минутқа созылған. Бұған дейін сарапшылар 36 жастағы Испаниялық осы турнирдің чемпионы атанса үлкен спорттан кетуі мүмкін деген болжам айтқан еді. Алайда Надаль әлі де ойнауға ниетті екенін жариялады.

Рафаэль Надаль, «Ролан Гаррос» – 2022 турнирінің жеңімпазы:

– Командама, отбасыма үлкен алғыс айтамын. Сіздер болмағанда мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді. Әсіресе қазіргідей жарақаттармен. Сіздердің қолдауларыңыз болмаса, теннисті тастап кетуім де мүмкін еді. 36 жасқа келгенде осындай жеңіске жетемін деген ой үш ұйқтасам түсіме кірмейтін.

УЭЛЬС УКРАИНАНЫ ЖЕҢІП ӘЧ-2022 ЖОЛДАМА АЛДЫ

Футболдан Уэльс құрамасы Украинадан басым түсті. Осылайша Катарда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Кездесудегі жалғыз гол ойынның бірінші кезеңінде соғылды. 35 минутта Уэльс ойыншысы Гарет Беилдің шірене тепкен добы украиналық Андрей Ярмоленкоға тиіп, автоголға айналды. Осылайша Уэльс құрамасы 1958 жылдан бері әлем чемпионатына қатысуға алғаш рет мүмкіндк алды.

Роб Пейдж, Уэльс құрамасының бас бапкері:

–Өте тартысты ойын болды. Біз барлығын дұрыс жасап, жеңіске қол жеткіздік. Жігіттер керемет өнер көрсетті. Жанкүйерлер де алғашқы минуттан бастап 96 минутқа дейін тыным таппай қолдау көрсетті.

Александр Петраков, Украина құрамасының бас бапкері:

– Күйзеліп тұрмыз. Не дерімді де білмеймін. Олар жеңіске лайық пе еді? Жолдама алды, яғни, лайық болғаны. Жігіттер аянып қалған жоқ. Бұл ойын. Бірде сәтті кейде осылай. Бүгін Уэльтің жолы болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!