Фото: David Ramos/Getty Images

 «Барселона» футбол клубы Испания чемпионатының 11-туры аясында сырт алаңда «Реалды» ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 

Эль-Класико Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтіп, ойын 4:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. 

Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски дубль жасады (54 және 56-минуттар). Сондай-ақ испаниялық шабуылшы Ламин Ямаль (77) мен бразилиялық вингер Рафинья (85) гол соқты. 

«Барселона» футбол клубы ресми матчтарда бұған дейін «Реалға» қарсы өткен төрт матчта жеңіліс тапқан болатын. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта каталониялықтар турнир кестесінде 30 ұпай жинап, жеке дара көш бастап келеді. Ал мадридтік «Реалдың» еншісінде 24 ұпай бар. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!