SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жуырда Парижде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ Премьер Лигасында қола медаль еншілеген Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта әлемдік рейтингте 5490 ұпаймен көш бастады. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.
Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтинг кестесін жариялады. Тізімде қазақ қызы бірінші тұр. Екінші орынға 2023 жылғы әлем чемпионатының қола, Панамерика және Оңтүстік Америка ойындарының чемпионы, венесуэлалық Иоргелис Салазар (5355) тұрақтаған. Ал үздік үштікті әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері хорватиялық Эма Сгарделли (3312) түйіндеп тұр.
Әлемдік рейтингтегі (-50) келідегі ТОП-5 каратэшілер:
Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай
Иоргелис Салазар (Венесуела) – 5350
Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312
Наталия Варгова (Словакия) – 2732
Реем Ахмед Салама (Египет) – 2475
Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай – каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы (2023 жыл). Ол сондай-ақ, 2021 жылғы Азия чемпионатының – алтын, 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ханджоудағы Азия ойындарында екінші орын алды. Сондай-ақ, 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!