Малайзияның Малакка қаласында WKF ка­ратэ­ден ересектер арасында XIX Азия чем­пио­наты мәресіне жетті.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.
Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақ­стан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола ме­даль­мен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиада жүлдегері Софья Берульцеваның Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық каратэшілер Азия чем­пионатында тағы 6 медаль жеңіп алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!