Фото: Catherine Steenkeste/Getty Images
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе осы маусымның соңында ПСЖ-дан кететінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Мен уақыты келгенде мәлімдеме жасайтынымды үнемі айтып жүрдім. Бұл менің ПСЖ-дағы соңғы жылым болғанын хабарлаймын. Келісімшартты ұзартпаймын. Мұндағы жұмысым бірнеше аптадан кейін аяқталады. Жексенбіде «Парк де Пренс» cтадионында ПСЖ сапындағы соңғы ойынымды өткіземін», – деді Мбаппе.
25 жастағы Мбаппе париждік клубта 2017/18 маусымнан бері ойнап келеді, содан бері ол команда тарихындағы үздік бомбардир атанды. Ол барлығы 306 матчта 255 гол соққан.
Киллиан ПСЖ-да жеті маусым өткізді, осы уақыт ішінде ол 14 жүлде жеңіп алды.Оның алтауы Франция чемпионы атағы және үшеуі ұлттық кубок.
Мбаппенің париждік командамен келісімшарты осы жазда аяқталады. Ол клубтан тегін, еркін агент ретінде кетеді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы қазіргі құны – 180 миллион еуро.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!