Фото: instagram.com/k.mbappe

Белгілі француз футболшысы Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» клубына ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Футболшы 30 маусымда ПСЖ-дан біржола кетеді. Мадридтік клуб француздың қатарға қосылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жаза бастады. 

Айта кететін жайт, Мбаппе «Реалға» еркін агент ретінде ауысып отыр. Себебі оның ПСЖ-мен келісімшарты биыл жазда аяқталады. 

Ал «Реалда» француз шабуылшысы 9-нөмірмен өнер көрсетпек. Соңғы маусымда Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирде 48 матчқа қатысып, 44 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt.de сайты оның құнын 180 млн еуроға бағалап отыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!