KAZINFORM – Бүгін UEFA Конференция лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары өтті.
Доп додасының бұл кезеңінде Англияның «Кристалл Пэлас» командасы сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен кездескен еді. Тартысты өткен ойында жеңімпаз анықталған жоқ. Кездесу барысында англиялық клубтан Исмаила Сарр 44-минутта есеп ашса, оған Карло Абрамович 55-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
19 ақпан
КуПС (Финляндия) – «Лех Познань» (Польша) 0:2
«Сигма» (Чехия) – «Лозанна» (Швейцария) 1:1
«Зриньски» (Босния және Герцоговина) – «Кристалл Пэлас» (Англия) 1:1
«Ноа» (Армения) – «АЗ Алкмаар» (Нидерланд) 1:0
«Дрита» (Косово) – «Целе» (Словения) 2:3
«Ягеллония» (Польша) – «Фиорентина» (Италия) 0:3
«Омония» (Кипр) – «Риека» (Хорватия) 0:1
«Шкендия» (Солтүстік Македония) – «Самсунспор» (Түркия) 0:1
Қарымта ойындар 26 ақпанға белгіленген.
Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Страсбур» (Франция), «Ракув» (Польша), «АЕК Афины» (Грекия), «Спарта Прага» (Чехия), «Райо Вальекано» (Испания), «Шахтер» (Украина), «Майнц 05» (Германия), «АЕК Ларнака» (Кипр) командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды.
Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!