Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.

Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги иеленді – 1:54.95. Қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды – 1:55.18.

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева сегізінші нәтиже көрсетті – 1:56.84.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!