Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы Қысқы Спартакиадада қазақстандық спортшы 100 метрді 9,31 секундта жүгіріп өтіп, бейресми әлемдік рекорд орнатты.

Бұған дейін бұл нәтиже қытайлық спортшы Гао Тиньюйге тиесілі болған, оның көрсеткіші – 9,32 секунд.

Айта кетейік, 100 метрлік қашықтық Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының ресми бағдарламасына кірмейді. Дегенмен, бұл қашықтық коммерциялық жарыстар мен ұлттық турнирлерде жеке спринтерлік дисциплина ретінде жиі пайдаланылады.

Бұл жетістік Евгений Кошкиннің осы маусымдағы әсерлі көрсеткіштерінің жалғасы болды. Бұған дейін, 20 наурызда, ол Нидерландыдағы беделді Zilveren Bal турнирінде жеңіске жетіп, бұл жарыста топ жарған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Сонымен қатар, Кошкин Херенвенде өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алып, 500 метр қашықтықта 34,30 секунд нәтижесімен жеке рекордын жаңартты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!