фото: bel.football
Клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та 13 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы, португалдық супержұлдыз Криштиану Роналду клубтық әлем чемпионаты кезінде Лионель Месси ойнайтын «Интер Майами» командасына ауысуына мүмкін. Бұл туралы Ulyssport хабарлайды.
TalkSPORT мәліметі бойынша, Роналду АҚШ-тағы командалардың бірімен қысқамерзімді келісім жасауды қарастырып жатыр. Оның «Әл-Насрмен» келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады.
Клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та 13 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. «Интер Майами» португалдық «Порту», бразилиялық «Палмейрас» және мысырлық «Әл-Ахлимен» бір топқа түскен. Месси 2023 жылдан бері «Интер Майамиде» өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бастап Роналду «Әл-Наср» ойыншысы атанған.
Бұған дейін хабарланғандай, Роналду 929-шы мансаптық гол соғып, әлемдік футболда рекорд орнатты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!