2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының «Ан-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду үшін мансабындағы соңғы турнир болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада қалаларында өтеді.
Әрине, солай, өйткені ол кезде менің жасым 41-де болады. Әр сәттен ләззат алып жүрмін, – деді Роналду. Ол бұған дейін мансабын «он жылдан кейін аяқтаймын» деп әзілдегенін айтты.
Футболшының айтуынша, жас ұлғайған сайын «уақыттың қалай өтетінін тез есептей бастайсың», бірақ соған қарамастан ол жақсы қалыпта екенін және футболдан әлі де үлкен қуаныш алатынын жеткізді.
Қазіргі таңда 40 жастағы Роналду Португалия құрамасы сапында 225 матч өткізіп, 143 гол соққан. Ол – 2016 жылғы Еуропа чемпионы, УЕФА Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы, бес мәрте «Алтын доп» иегері және ресми матчтардағы әлем футболының үздік сұрмергені.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
