Инсайдерлердің айтуынша, «Фенербахче» өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланып, «ғасыр келісімін» жасап, футбол жұлдызын өзіне қаратуға барын салған.
«Манчестер Юнайтед» шабуышлысы Криштиану Роналду түркиялық «Фенербахче» намысын қорғауы мүмкін, деп хабарлайды «Чемпионат».
Ақпаратқа сенсек, екі тарап келісімге келген. Инсайдерлердің айтуынша, «Фенербахче» өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланып, «ғасыр келісімін» жасап, футбол жұлдызын өзіне қаратуға барын салған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Роналду италиялық «Наполиге» ауысуы ықтимал деген ақпарат тараған еді. Сонымен қатар, «МЮ» жаттықтырушысы Эрик тен Хаг көпшілік алдында Криштиану команда сапында қысқа дейін болатынын жеткізген еді.
Қоса кетейік, Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2021 жылдан өнер көрсетеді. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған. Бұған дейін БАҚ оның командадан кететін уақыты жақындады деп жазған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!