KAZINFORM – Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Силаева Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің шешуші кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Турнир аясында 500 метр қашықтықта жүлделер мен рейтингілік ұпайлар екінші рет сарапқа салынды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Силаева 37,67 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, төртінші орынға ие болды.

Польшалық Кая Земек-Ногаль (37,25) алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Германия спортшысы Софи Вармут (37,61) иеленсе, үздік үштікті Нидерланд өкілі Маррит Фледдерюсқа (37,62) түйіндеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!