Фото: olympic.kz

Бүгін, 21 сәуірде Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде жерлестеріміз грек-рим күресінен лицензияға таласты бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Айдос Сұлтанғали іріктеуде Ирак балуанын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өтті.

Сондай-ақ, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бірінші айналымда түркменстандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Айта кетелік, «классикалық» күрес шеберлері 5 салмақта жолдама алуға тырысады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!