фото: olympic.kz

Ресейлік легионер Рыбакинаны сербиялық маман Горан Иванишевич жаттықтыратыны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның бапкері Новак Джоковичті жаттықтырған болатын.

Биыл бапкер Горан Иванишевич «Үлкен дулыға» жарысының 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен бес жылдан астам уақытқа созылған бапкерлік байланысты аяқтады.

2 қарашада Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде бастапқы кездесуін әлемнің төртінші ракеткасы, Италия өкілі Жасмин Паолинимен өткізеді.

Айта кетейік, легионер Рыбакина Париждегі ойындардың ашылу салтанатына бір күн қалғанда денсаулығына байланысты қатысушылар тізімінен шығарылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!