фото: Getty Images

«Миланның» жартылай қорғаушысы зорватиялық Лука Модрич футболдағы мансабын аяқтаған соң мадридтік «Реалға» оралатынын айтты. Мұндай мәліметті испаниялық басылымлар таратып отыр, деп хабарлайды 1bol.kz.

Дереккөз мәліметінше, 40 жастағы ойыншы аз уақыттан кейін «Лос-Бланкос» академиясына бапкер ретінде оралмақ. Мұндай ұсынысты оған «Реал» президенті Флорентино Перестің өзі ұсынған көрінеді. Модрич ұсыныстан бас тартпаған.

Белгілі болғандай, хорват футболшысы қазір бапкерлік лицензия алудың қамына кірісіп кеткен. Ол биылғы маусым соңына дейін арнайы курстан өтіп, келесі маусымда бапкерлік амплуада жұмысын бастайды.

Еске салайық, Модрич пен «Милан» арасындағы контракт 2026 жылдың маусымына дейін жасалған. Тараптар бұл мерзімді соза алады. Дегенмен, инсайдерлер Луканың мансабын аяқтайтынын сеніммен айтып отыр.

Лука Модрич бірнеше жыл қатарынан Еуропаның ең үздік ойыншыларының бірі саналып келді. 2018 жылы ол «Алтын доп» иегері атанған. Мадридтік «Реал» сапында ойнаған он жылдан астам уақытта Чемпиондар лигасын – бес рет, клубтың Әлем чемпионатын төрт рет жеңіп алған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!