Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) жақын арада спорттық мансабын аяқтау мәселесіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Маған бокс онша ұнамайды, мен бар болғаны жеңіске жеткенді ұнатамын. Маған промоутер керек, менің жекпе-жекке шығуым керек. Жыл соңына дейін осы ойлағаным болмаса, онда спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. Мен өзімді маған сенетін және мен үшін басын бәйгеге тігетін промоутерге лайықпын деп санаймын», – деді спортшы.

Данияр соңғы рет жекпе-жеке өткен жылдың желтоқсанында аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен (15-3, 4 КО) шыққан. Ол жолы төрешілер бірауыздан шешім шығарып, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын Елеусіновке берген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!