фото: бокс федерациясы
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті. Ерлер арасында 55 келіде бақ сынаған Махмұд Сабырхан чемпион атанды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Ол финалда жұдырықтасқан жоқ. Өйткені жапониялық Руи Ямагучи шаршы алаңға шығудан бас тартты. Сөйтіп Махмұд жеңімпаз деп танылды. Осылайша Қазақстан құрамасына екінші алтын жүлде бұйырды.
Алда тағы 10 боксшы алтын жүлде үшін таласады. Бұған дейін әйелдер арасында 48 келіде өнер көрсеткен Назым Қызайбай үндістандық қарсыласын жеңіп, чемпион атанған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!