фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында мексикалық Брайан Оуэн Ортисті жеңді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/16 финалында Махмуд Сабырхан мексикалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы Украина мен Косово боксшылары арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.
Төрехан Сабырхан да әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжир боксшысы Юсеф Ислам Яишті жеңді.
Ал Виктория Графеева чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, косоволық Донета Садиканы ұтты.
Сондай-ақ Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Филиппин боксшысы Джунмилардо Огайрені жеңді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!