Фотоnetflix.com
Арлингтонда (АҚШ, Техас) ұйымдастырылған бокс кеші аяқталды. Басты жекпе-жекте Майк Тайсон 27 жастағы Джейк Полға есе жіберді, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Жекпе-жек жоспарланған 8 раунд бойы жалғасты. Төрешілердің бірауыз шешімімен Пол жеңіске жетті. Есеп: 80-72, 79-73, 79-73610:53.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек нәтижесі ресми есепке алынады. Тайсонның соңғы кәсіби жекпе-жегі 19 жыл бұрын өткен болатын. Ол осымен барлығы 59 жекпе-жек өткізіп, оның 50-де жеңіске жеткен. Ал Джейк Пол болса кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегін өткізіп, оның 11-де жеңіске жетіп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!