Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.
Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.
«Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.
Алғашқы күннің жеңімпаздары
Қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көрінді. Шахматтың блиц түрінен:
• Әйелдер арасында Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап, Азия – Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды.
• Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль алды.
Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!