37 жастағы жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов мансабын «Қайсарда» жалғастыруды жөн көрді.

Тәжірибелі жартылай қорғаушы «Қайсардың» Бірінші лигаға кеткеніне қарамастан мансабын осы клубта жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Ол мансабында павлодарлық «Ертіс» (19 матч), «Астана Локомотив» (19 матч), «Ақтөбе» (3 матч), талдықорғандық «Жетісу» (13 матч, 1 гол), «Атырау» (25 матч, 5 гол) және қарағандылық «Шахтер» (135 матч, 12 матч) сапында өнер көрсетті. Байжанов Қазақстан Премьер-лигасында 449 матч өткізіп, 46 гол соққан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!