Тараз қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған қазақ күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында Қызылорда облысының спортшылары жалпы командалық есепте қола медальға ие болды.
Ел кубогында Сыр балуандары 10 медальды облыс қоржынына салса, Мақсат Исағабылов «Түйе палуан» сайысының қола жүлдегері атанды.
Жекелей есепте ұлдар арасында Серікболсын Шарипов (55 келі) екінші, Нұршат Әбілтаев (60 келі), Еңбек Сақтағанов (90 келі) және Мақсат Исағабылов (+100 келі) үшінші орындарды еншіледі.
Қыздар арасында 77 келі салмақта Мереке Құдайбергенова Қазақстан кубогының жеңімпазы атанса, Мунира Рахымжанова (48 келі), Бибіхан Нәбиева (52 келі), Гүлзат Уринбаева (65 келі), Меруерт Әбубәкір (+77 келі) қола жүлделерге қол жеткізді.
Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болат Кенеевтің айтуынша, облыс құрамасы 16-20 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалады.Сондай-ақ, 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Нұрым Сəлімгереев пен Мақсат Исағабылов қатысады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!