KAZINFORM — Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан бірінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

70 келіде сынға түскен Мариан Журавлева Марокко өкілі Арбиб Ясмин, Иран спортшысы Хасти Хамуди, Даниа Обейдті (Палестина) жеңіп, мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бүгін сессияда Серік Алдияр да 69 келіде финалға өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!