«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин маңызды ойын алдында пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мбаппе, Винисиус немесе Беллингем сияқты атағы жер жарған мықтылардың мысы баспай ма деген сұраққа бапкер былай деп жауап берді:
«Ол жақта да осындай адамдар ойнайды. Олар 7-8 күнде үш матч ойнап, ұзақ сапарға шығады. Олардың кестесін білеміз. Мұның шет жағасын өзіміз де сезіндік. Әрине, мұндай ойыншылардың келуі біздің жігіттерді ынталандыратыны сөзсіз. Олармен салыстырып, өзімізді де шыңдай түсеміз», – дейді бапкер.
Сонымен қатар, Рафаэль Оразбахтин «Реалмен» матчке арналған нақты құрам әлі анықталмағанын, ойыншылардың дайындығы мен психологиялық жағдайына байланысты жақын күндері анықталатынын айтты.
«Құрам қандай боларын болжап айта алмаймыз, себебі неше түрлі нәрсе болуы мүмкін: жарақат алады, ауырып қалады дегендей. Біз ойыншылардың көңіл-күйіне қарай жұмыс істейміз», – дейді бапкер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!