«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси Париж клубының құрамында ойнауды жалғастырғысы келмейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі L ‘Equipe басылымына сілтеме жасап.
Аргентиналық спортшы 30 маусымда аяқталатын ПСЖ келісімшартын ұзартуға асықпайды.
Футболшы басқа клубқа ауысуды ойлап жүр. Ол мансабын Дэвид Бекхэм басқаратын америкалық MLS-тің «Интер Майами»-де жалғастыруы мүмкін.
35 жастағы Месси 2021 жылдан бері ПСЖ-да өнер көрсетіп келеді.
ПСЖ 23 ойында 54 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Клуб келесі матчты 19 ақпанда лилльмен бірге өткізеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!