фото: Спортты дамыту дирекциясы
Милад осыған дейінгі Дохадағы кезеңде алтын жүлде иеленген. Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды 1bol.kz.
Ол еркін жаттығудың финалында 14.133 ұпай алды. Одан кейін 13.966 ұпаймен Болгария өкілі Эдди Пенев күміс жүлдеге қол жеткізді. Үздік үштікті украин гимнасты Назар Чепурный (18.866 балл) түйіндеді.
Милад осыған дейінгі Дохадағы кезеңде осы жаттығуда жеңіске жеткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!