Алматыда Naiza 80 турнирі өтті. Жарыстың басты жекпе-жегінде Жұман Жұмабеков (16-8) Бразилияның өкілі Рилдеси Диаспен (28-16) айқасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай жеңіл салмақтағы спортшылардың бәсекесі Жалғастың айқын жеңісімен аяқталды. Ол екінші раундта қарсыласына «ауырту» тәсілін қолданды. Жеңімпазды осы турнирге Хорватиядан арнайы ат терлетіп келген даңқты ММА шебері Мирко Крокоптың өзі құттықтап, қандасымызды құшағына қысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!