Алматы қаласында WKF каратэден өткен Азия чемпионатында облыс намысын Мөлдір Жаңбырбай қорғады.
Мөлдір Жаңбырбай чемпионаттағы алғашқы қарсыласы Тайвань елінің қызын 2:0 есебімен жеңсе, екінші жекпе-жегінде Тайланд елінің каратэшісін 9:2 есебімен және 3 жекпе-жегінде Иран елінің қызын 7:5 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа шықты.
«Өз жерімізде өткен Азия чемпионатында алтын алу үшін бар күшімді салдым. Әлем біріншілігі мен Олимпиададағы қателігімді қайталамауға тырыстым. Оның үстіне бізге қарап қаншама жастар бой түзейді. Солар үшін де намысқа тырыстым. Финалда кездескен каратэшіден Португалиядағы турнирде жеңілген едім. Осы жолы есе қайтарудың реті келді. Бапкерлерім мен жанкүйерлердің үмітін ақтап, көк байрағымызды көтергенім үшін қуаныштымын», – дейді Мөлдір.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!