БАӘ-нің Фуджейра қаласында WKF «Karate1 Premier League – Fujairah 2022» халықаралық турнирінде 50 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай чемпион атанды.

Нәзік те қайсар қыз бұған дейін Алматы қа­ла­сында өткен Азия чемпионатында облыс намысын қорғады. Спортшы  чемпионаттағы алғашқы қарсыласы Тайвань елінің қызын 2:0 есебімен жеңсе, екінші жекпе-жегінде Тай­ландтың каратэшісін 9:2 есебімен және 3 жекпе-жегінде Иран елінің қызын 7:5 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа шыққан болатын.

Спортқа 6 жасында келген Мөлдір респуб­ликалық, халықаралық жарыстарда ел на­мы­сын абыроймен қорғап, өзге елдерде Әнұран­ды асқақтатып, көк байрақты желбіретіп жүр. Ол – каратэ-додан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы, Азия, 3 дүркін Әлем чемпионы. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!